Шет тілі сабақтарында көркем фильмдегі кезеңдік жұмыстың ерекшеліктері
##semicolon##
коммуникативті құзыреттілік, түпнұсқа материал, шетел тіліндегі көркем фильмАңдатпа
Қазақстанның қазіргі білім беру қоғамдастығына кірігіуі шет тілін үйренуге деген қызығушылықты
айтарлықтай арттырды. Бүгінгі таңда шет тілін оқытудың міндетті құрамдас бөлігі мультимедиялық
технологияларды кеңінен қолдану және оқу-тәрбие процесіне аудиовизуальды материалдарды енгізу болып
табылады. Мақалада студенттердің тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру
құралы ретінде шет тіліндегі фильмді қолдану туралы айтылады. Мақалада ағылшын тіліндегі түпнұсқа көркем
фильмнің кезең-кезеңімен жұмыс істеу жүйесі ұсынылған. «The King’s Speech», «The Devil Wears Prada», «American
History X» және «The Silence of the Lambs» фильмдерінің үзінділері көрнекі мысалдар ретінде қарастырылады.
Шетелдік коммуникативтік құзіреттілікті дамытуға және жетілдіруге бағытталған міндеттер кешені жасалды.
Жұмыс әдістерінің белгілі бір жиынтығын жасағанда және түпнұсқалық материалдың әлеуметтік-мәдени
бағдарын сақтаған кезде оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін неғұрлым тиімді қалыптастыру мүмкін
болады деген қорытынды жасалды