Жоғары оқу орны білім беру мекемесінде студенттердің психологиялық дамуының ерекшеліктері
##semicolon##
студент, мамандық, өзін-өзі анықтау, құзіреттілік, әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, жеке тұлға, рефлексивтік қасиеттер.Аңдатпа
Мақалада студенттердің тұлғалық-кәсіби қалыптасуында жоғары кәсіби білім алу үдерісінде өте маңызды
өзгерістер орын алатындығы атап өтіледі. ЖОО оқу кезеңінде таңдаған мамандықтың нақты сипатымен танысу
ғана емес, сонымен қатар негізгі кәсібишеберлік пен дағдыларды игеру, сонымен қатар мамандыққа деген құндылық
және болашақ кәсіптік қызметке деген ынта-жігер қалыптасады. Соған байланысты, психологтың кәсіби
жағдайын қалыптастыру ерекшелігін түсіну үшін психологиялық жоғары оқу орындарының студенттерінің білім
алуға деген көзқарасын зерттеу ерекше маңызды. Психологтың кәсіби маман ретінде даму ерекшеліктерін
анықтайтын ең маңызды сипаттамалардың көпшілігі, психологтың жалпы және кәсіптік позициясы да, кәсіби
психологиялық білім беру үрдісінде қалыптасады.