Карьер көлігіне техникалық қызмет көрсету кезеңділігін анықтаудың қазіргі әдістерін морфологиялық талдау
##semicolon##
автоөзіаударғыш, морфологиялық сараптау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, оңтайлы, динамикалық, экономикалық, ықтимал.Аңдатпа
Автоөзіаударғыштарға техникалық қызмет көрсету кезеңділіктерін анықтаудың аса белгілі тәсілдерін
морфологиялық сараптау (мүлтіксіздіктің рұқсат етілген деңгейі бойынша, параметрдің рұқсат етілген мәні
бойынша, технико-экономикалық, экономика-ықтималдық, статистикалық сынаулар, динамикалық) түрлі
өндірістік техникалық базасы және жеке-меншік түрлерімен қатар автоөзіаударғыштарды аса тиімді
техникалық қолдануға мүмкіндік беретін үйлесімдерді анықтауға мүмкіндік берді. Техникалық қызмет көрсетудің
кезеңділігін анықтаудың тәсілдерін сараптау нәтижесіне байланысты, істен шығуларды алдын ала ескерту, істен
шығуды күту және оны жөндеуден қарағанда аса тиімді болады деп бекітіліді. Заманауи карьерлік
автоөзіаударғышқа екі немесе үш техникалық қызмет көрсету түрі бар жүйе қажет. Болашақта, сәйкес қолдану
жағдайларында жұмыс істейтін нақты автоөзіаударғыштарға немесе олардың топтарына техникалық қызмет
көрсетудің жекеше топтастырылуын іске асыру мүмкіндігі бар. Карьерлік техникаға техникалық қызмет көрсету
(ТҚК) және оларды жөндеуге жасалған стратегиялардың арасында, ең көп тәжірибелік таралуға, «жөндеуді
күту» стратегиясы және алдын алу стратегиясы ие болды. Алдын алу стратегиясы екі негізгі іске асыру
тәсілдеріне ие: ол, атқарым бойынша әсер ету жоспарланады немесе техникалық жағдайдың параметрі
бақыланады