«Ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді («Интернет» желісін қоса алғанда) пайдалана отырып жасалатын қылмыстар саласындағы шетелдік заңнамаларға салыстырмалықұқықтық талау»
##semicolon##
қарсы іс-қимыл, компьютерлік қылмыс, қылмыстық құқық, қылмыстық жауапкершілік, қылмыстық-құқықтық жүйе, ғаламтор, профилактика, талдау.Аңдатпа
Мақалада ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді («Интернет» желісін қоса алғанда) пайдалана отырып
жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы жауапкершілікті қарастыратын Қазақстанның және
шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңнамалары қарасытырылады. Жалпы мемлекеттік қылмыстық-құқықтық
жүйе деңгейіндегі (Қазақстан, Франция, Ресей, АҚШ, Германия, Қытай, ТМД мемлекеттері) заңнамаларына
салыстырмалы құқықтық талдау жасалады. Автор англо-американдық, романо-германдық, социалистік құқықтық
жүйелердің тиімді және тиімсіз тұстарын сипаттап береді. Автор ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді
(«Интернет» желісін қоса алғанда) пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы
қазақстандық заңнаманың тиімді және кемшілікті тұстарын ашып көрсетеді.