Студенттің кәсіби денсаулық мәдениетін қалыптастыру – болашақ маманды тәрбиелеу құралы ретінде
##semicolon##
кәсіби денсаулық мәдениеті, психологиялық денсаулық, психикалық ресурс, акмеологиялық көзқарас, құрылымдық-атқарымдық компонент.Аңдатпа
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның
түбегейлі өзгерісімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық тұрғыда дамыту
емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын тұлғаның ақыл-ойын, тұлғалық психикалық
қасиеттерін дамыту. Мақалада тұлғаның психологиялық денсаулығы мәселесінің негізгі ғылыми зерттеуінің
сипаттамасын қарастырылады. Болашақ маманның кәсіби денсаулық мәдениеті оның психологиялық денсаулық
адам жанының жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланысатын болса, онда медициналық, әлеуметтік,
философиялық және басқа да аспектілерге қарағанда тұлғаның денсаулық мәселесінің жеке психологиялықакмеологиялық аспектісін елестету қажет. Ғалымдар психологиялық денсаулықты мемлекеттік білім беру
саласындағы психологиялық қызметі тиімділігінің өлшемі ретінде де, мақсаты ретінде де қарастыратыны
айтылған. Сонымен қатар, сәйкесінше кәсіби денсаулық мәдениеті сабырлылықтың, әлеуметтік бейімділіктің, өзінөзі ойдағыдай жүзеге асырудың алғышарттары болып табылатын, тұлғаның кәсіби сипаттамаларының
жиынтығы болып саналатындығы баяндалған.