Арал теңізі аймағында тұратын орта мектеп оқушыларының денсаулық сауаттылығын арттыруға биология және дене шынықтыру элективті пәндерінің әсері

Авторлар

  • Утаубаева Алма Уахитқызы
  • Қалыбаев Алихан Балташұлы
  • Қыдырмолдина Айнұр Шаймұратқызы
  • Баспақова Ақмарал Махамбетжанқызы
  • Смагулова Дания Бауыржанқызы
  • Рахманов Елтай Өтемұратұлы

##semicolon##

Салауатты өмір салты, дене шынықтыру, құнарлы тамақтану, орта мектеп биологиясы, экологиялық апат аймағы.

Аңдатпа

Зерттеуге 511 оқушы қатысты (ЗТ – 277 оқушы, БТ - 251 оқушы). Алғашқы сауалнама жүргізілгеннен кейін, ЗТ
биология және дене шынықтыру пәндеріне қосымша салауатты өмір салты (СӨС), құнарлы тамақтану, дене
шынықтырудың денсаулыққа әсері, аурудың алдын алу, денсаулыққа байланысты ақпаратты саралау, денсаулық
сақтау қызметін алу тақырыптарына арналған 15 сағат теориялық, 15 сағат тәжірибелік сабақтарға қатысты.
Барлық топтардың ішінде төмен деңгейлі ДС-ы ЗТ-ң соңғы сауалнамасында ең төменгі деңгейде байқалды және
басқа топтардың нәтижелерімен салыстырғанда статистикалық дәйекті болды (χ2= 21.48, p <0.05). Орташа
деңгейлі ДС барлық топтарда біркелкі көрініс берген. ДС жоғары деңгей ЗТ жүргізілген соңғы сауалнамада
статистикалық дәйекті өзгерісі байқалды (χ2= 5.83, p <0.05). ЗТ СӨС насихаттау шараларының ұйымдастырылуы
қарқындығының артқанын байқап, басқа зерттеу басталарға дейінгі және БТ-ның көрсеткіштерімен
салыстарғанда статистикалық дәйектілігі анықталған (χ2= 5,844, p <0.05).
Осы зерттеу оқушылардың ДС деңгейінің төмен деңгейін анықтап, мектеп бағдарламасына элективті сағаттар
ДС арттыратынын көрсетті. Оқушының үлгерімі ДС деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, педагогикалық
шеберлікпен оқушыға денсаулық тақырыбын кеңінен тануға көмектесу қажет

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ