Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекет идеясын іске асырудың 25 жылдық тәжірибесі

Авторлар

  • Аюпова Зәуре Кәрімқызы
  • Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы

##semicolon##

конституция, реформа, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, құқықтық жүйе, құқық шығармашылық, құқықтық акт, кодификациялық жұмыстар, заңнаманың тиімділігі, жүйелік-құқықтық байланыстар

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Конституциясы биліктің кейбір түзетулерімен бөліну принципін ұстанады,
өйткені біздің еліміз қазіргі уақытта ерекше өтпелі кезеңде тұр және мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы
және сот билігінің қызметін үйлестіретін адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарының басты кепілі ретінде күшті Президенттік билікті қажет етеді. Бұл ретте Конституцияда
биліктің барлық тармақтарын құрудың демократиялық негіздері, оның ішінде Президент - Мемлекет басшысын
бүкілхалықтық тікелей жасырын дауыс беру жолымен сайлау көзделген. Қазіргі демократиялық әлеуметтік
құқықтық мемлекет осындай мемлекетте жан-жақты, қарама-қайшы емес және иерархиялық құрылған құқықтық
жүйе құруды негіздеуі тиіс. Құқықтық мемлекеттің өте маңызды белгісі онда конституциялық қадағалаудың
арнайы органдарын және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ететін органдарды құру болып табылады, бұл
көптеген мемлекеттерде жоғары немесе конституциялық соттар. Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет іс жүзінде іске асырылуы, халықтың жалпы және құқықтық мәдениеттің, құқықтық сананың
жеткілікті жоғары деңгейіне ие болуы жағдайында ғана тиімді жұмыс істеуі мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ