Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың ар-ождан бостандығының қорғалу ерекшеліктері

Авторлар

  • Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы
  • Сейтахметова Наталья Львовна
  • Нұров Мархабат Мешітбекұлы
  • Құттыбекқызы Гүлсая

##semicolon##

конституция, дін, конфессия, көпконфессиялы қоғам, еркіндік, ар-ождан бостандығы, діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер, шіркеу, мемлекет

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Конституциясы ой еркіндігі мен дін бостандығының Конституциялық
кепілдіктерін тіркеген негізгі құжат болып табылады. Бұл кепілдіктер арождан бостандығына қатысты ҚР
Негізгі Заңының 22бабының Конституциялық нормаларымен қамтылғаны анық. Осыған байланысты мемлекет,
бірінші кезекте діни заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Адам құқықтары мен діни сенім бостандығын
қорғау ісіндегі маңызды құжаттардың бірі 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» болды. Декларацияда бір дінге жататындығы адамның және
азаматтың қандай да бір құқықтарын кемсітуге немесе елемеуге не шектеуге себеп болып табылмайтындығы
бекітіледі. Сонымен қатар, декларацияның 18бабы ар-ождан мен дін бостандығына деген құқықты егжейтегжейлі анықтайды. Ар-ождан мен дін бостандығы құқығын іске асыру өз дінін немесе наным-сенімдерін өзгерту
және өз дінін немесе жеке-дара сондай-ақ басқалармен бірлесіп, жүзеге асыруда, Құдайға құлшылық ету және діни
салт-жораларды орындау бостандығына құқықты қамтиды. Мақала материалдары «Исламтану гуманитарлық
ғылымның диалогтық жобасы ретінде: Қазақстан мен Францияның дискурсы мен праксисі» тақырыбында зерттеу
нәтижелерінен алынған

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ