Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Құнанбай бейнесі

Авторлар

  • Төлебаева Құралай Тоқтарқызы

##semicolon##

ауыз әдбиеті үлгілері, шешендік сөздер, бейне, тақырып, образ, әдебиет, мәдениет, тәуелсіздік.

Аңдатпа

Мақалада халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі Құнанбай Өскенбайұлының бейнесі сөз болады. Кеңес
дәуіріндегі әдебиетінде «Құнанбай образы» дегенде, жағымсыз бейнелердің қатарына жатқызып,
әке Құнанбай мен бала Абайдың тартысын жаңа мен ескінің тартысы ретінде баға беріліп келді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін әдебиетке деген көзқарас та өзгеріп, «басқаның» идеологиясынан,
«Абаймен қарама – қайшы озбыр» образдан тысқары қарап, оң баға беретін кез туды. Қазіргі кезде
осы тақырып тұсында жазылып жүрген пікір мен ой – толғамдар баршылық. Дегенмен, оралымы
кең тақырыпты тереңінен зерттеп, тесіле қарағанның артықтығы болмайды. Мемлекетімізге
келген тәуелсіздік мәдениетімізге, әдебиетімізге, тарихымызға, ұлттық наным – түсініктерімізге
келген тәуелсіздік деп бағалап, барымызды бағамдауымыз қажет.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ