Қылмыстық атқару жүйесі мекемелердегі озық медициналық қызмет көрсету тәжірибелерін бейімдеу

Авторлар

  • Қанатов Алмас Қанатұлы

##semicolon##

медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету, қоғамдық денсаулық сақтау, халықаралық тәжірибе, бас бостандығынан айыру орындары, түрмелердің денсаулық сақтау қызметтері, халықаралық тәжірибе, бас бостандығынан айыру орындары.

Аңдатпа

Бұл мақалада танылған халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті медициналық қызметінің жұмысына бейімдеудің шетелдік тәжірибесі
көрсетілген.
Бұл зерттеудің мақсаты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық көмек көрсетудің ең
жақсы тәжірибесін анықтау болып табылады.
Осы саладағы зерттеу эквиваленттілік, интеграция, жеткіліктілік, клиникалық тәуелсіздік, пациенттің
құқықтарын құрметтеу принциптерінің тиімділігі туралы мәселені қалыптастыруға әкеледі. Медицина
қызметкерлері жүзеге асыратын алдын алу жұмыстары мен емдеу іс-шараларының міндеттілігі негіз ретінде
берілді. Ішкі істер министрлігі жүйесінің мекемелерінде медициналық қызметтерді басқарудың кіші жүйесін
оларды Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне ауыстыра отырып, қайта форматтау (цифрландыру) талап
етіледі.
Ұлттық және шетелдік тәжірибені егжей-тегжейлі талдау (мониторинг) жеке артықшылықтары мен
проблемаларын көрсетуге мүмкіндік берді: олқылықтарды, коллизияларды, «егемендік» заңның ескірген
нормаларын заңдық салдарды азайту мақсатында оларды қолдану кезінде жеткіліксіз екенін көрсетті.
Түрмелердегі денсаулық сақтау қызметін басқарудың құқықтық моделін Денсаулық сақтау министрлігінің
құрылымына енгізу мәселесін зерттеу ұсынылды.Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы - ұсынылған нұсқалар ұлттық пенитенциарлық медициналық
қызметтің жеке бизнес-процестерін оңтайландырады және Қазақстанды Еуропалық Одақ елдерінің озық
тәжірибелерімен едәуір жақындастырады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ