Референдум заң шығару және конституциялық бақылау құралы ретінде

Авторлар

  • Қожахметова Айгүл Есенқызы

##semicolon##

демократия, конституция, референдум, егемендік, сауалнама, плебисит,

Аңдатпа

Мақалада референдумның конституциялық негіздері, плебисциттің түрлері мен сипаттамалары,
референдумның пайда болу тарих, референдумның қазіргі әлемде таралуы қарастырылады. Референдумды
өткізу тәжірибесін зерттеу референдум институтының қазіргі кезде кең танымал бола бастағанын көрсетеді.
Негізінде референдум (плебисцит) - тікелей билікті жүзеге асырудың тәсілдерінің бірі. Бұл мақалада
референдумның тікелей демократия институты ретінде қалыптасу кезеңдері қарастырылған. Зерттеудің
мақсаты - референдум туралы әр елдердің қолданыстағы заңнамасының теориялық және практикалық
мәселелерін қарастырып, референдум институтының қалыптасуы мен дамуын зерттеу. Бұл мақаланың
мақсаты - демократия институтының нормаларын, сондай-ақ референдумды құқықтық реттеу мен
ұйымдастырудың негізгі принциптерін жүзеге асырудан туындайтын әлеуметтік қатынастар. Зерттеу пәні -
демократия институты теориясының жағдайы, референдумның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Көптеген ғасырлар бойы мемлекеттің қоғамдық биліктің ұйымы ретінде өмір сүруі биліктің жүзеге асырылу
механизмін жетілдірді. Мақалада референдум сияқты саяси-құқықтық институтты өткізу мәселелері қозғалды.
Автор референдумның шығу тарихы мен даму тарихын жан-жақты зерттеуге тырысты және бұл референдум
демократиялық қоғамдағы саяси билікті жүзеге асырудың ажырамас бөлігі болып табылады деген
қорытындыға келді.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ