The social role of women in modern conditions

Авторлар

  • Қапышев Ардақ Қайыржанұлы
  • Мухамбетова Динара Сырымовна

##semicolon##

гендерлік теңдік; әйелдердің қатысуы; гендерлік саясат; әйелдердің рөлі;әйелдердің жағдайы; сайлау құқығы; әйелдердің жұмыспен қамтылуы.

Аңдатпа

Қоғамдағы әйелдің жағдайы мемлекеттің әлеуметтік-саяси құрылымының барлық ерекшеліктерін,
оның экономикалық дамуын, басқару әдістерін, құқықтық көзқарастарды, мәдениет пен әлеуметтік өзін-өзі
тану деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш ретінде қарастырылады, яғни қоғамдағы әйелдердің
жағдайы барлық әлеуметтік процестердің көрсеткіші болады. Біздің елімізде әйелдер жұмыс күшінің жалпы
санының 49% - ын құрап, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің құрылысына зор үлес қосуда.
Республиканың өмірлік маңызы бар салаларында негізінен әйелдер еңбек етеді. Олар барлық педагогтардың
80% - ын, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 90% - ын құрайды. Бюджет саласының барлық
қызметкерлерінің 60% - дан астамын әйелдер құрайды. Жалпы, әйелдердің елдің ЖІӨ қалыптастыруға
қосқан үлесі 40% - ға жетеді. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар халықаралық
уағдаластықтар бойынша өзіне міндеттемелер алды, көптеген заңдар қабылдады және гендерлік теңдіктің
және әйелдердің мемлекеттік қызметке қатысуын ұлғайтудың негізгі шартына айналған мемлекеттік
шараларды әзірледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ