Параметрі бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді оқыту ерекшеліктері

Авторлар

  • Есенжолов Е. К.
  • Байгамитова С. М.

##semicolon##

параметр, тригонометриялық теңдеу, тригонометриялық теңсіздік

Аңдатпа

Бұл мақалада параметрі бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді оқыту тиімділігі және
ерекшеліктері жайлы қарастырылған. Жаңартылған білім беру мазмұны мектеп түлектерін дайындауға жаңа
талаптар қояды. Оқушылардың логикалық ойларын дамытуда және математикалық мәдениеттіліктерін
қалыптастыруда параметрі бар есептер таптырмас құрал болып келеді.
Кез келген параметрі бар тригонометриялық теңдеулер, тепе- тең түрлендіру әдістері арқылы қарапайым
тригонометриялық теңдеулерге келтіріліп, шешілетініне көз жеткіздік. Оларды шешуде тригонометриялық
функциялардың қасиеттері: периодтылығы, шектілігі, т.б. ескерілуі керек. Параметрі бар есептерді үлкен екі
топқа жіктеуге болады. Бірінші топта параметрдің барлық мүмкін мәндерінде теңдеуді немесе теңсіздікті шешу
қажет. Екінші топта барлық мүмкін шешімдерін емес, тек қосымша қандай да бір талаптарға сай жауаптарын
табу тапсырмалары жатады. Бұл тұрғыдағы есептерді шығару, оқушылардан көптеген шығармашылық
қасиеттер мен терең білімді қажет етеді. Жұмыстың әрі кезеңінде не істелгенін және әлі де не істеу қажет
екенін үнемі назарда ұстау керек. Параметрі бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығара білу
дағдысы, оқушының бұл тарау бойынша алған білімін жүйелеуде , тереңдетуде мүмкіндігі зор.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ