ХХ ғасырдың басындағы Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы мен оқу-ағарту істері.

Авторлар

  • Табулдинова А.М

##semicolon##

қытайдағы қазақтар, көші-қон, мәдениет, оқу-ағарту, әлеуметтік жағдай

Аңдатпа

Егеменді еліміздің басынан өткізген түрлі тарихи кезеңдерден кейін халқымыздың басқа елдерге көшіпқонуды зерттеудің маңызы зор және ол арта түсуде. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейінгі
уақытта, қазақ елінің тарихына жаңаша көзқараста шынайы зерттеулер жүргізіле бастады, соның ішінде
Қытайға көшіп барған қазақ халқының әлеуметтік- саяси жағдайы мен мәдениетінің тарихын зерттеп, оны ой
елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады.
ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Қытай арасындағы қазақтардың көші – қон процесстері мен саяси -
әлеуметтік дамуын бүгінгі күн талабына сай, әдіснамалық көзқарас тұрғысынан талдау жасай отырып, мәселені
жан-жақты зерттеу, сонымен қатар Қытай қазақтарының жай-күйі, көші-қон саясатының негізгі бағыттары,
мәдени даму тарихы мен оның ерекшеліктерін кешенді түрде анықтау мақаланың басты мақсаты болып
табылады.
ХХ ғасырдағы Қытай жеріндегі қазақ халқының тарихи тағдыры, олардың үстемсіздігі мен хал – ахуалы
қарастырылып, олардың қоғамдық өзара қарым-қатынастарынның әлеуметтік жағдайы және мәдениеті, оқуағарту істері мен білім беру жүйесі сипатталып, Қытай Халық Республикасының өзге ұлттарға жүргізген
саясаты жан - жақты талданып, көрсетіледі.
Мақалада теориялық негізін салыстырмалы - тарихнамалық талдау жасалып, ғылыми танымның
тарихилылық, нақтылық, шынайылық және құбылыстардың бағалылығы мен жүйелілігі принциптеріне
негізделген тұжырымдарды құрайды

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫ