Семей өңірінің жапырақжегіш қаттықанаттыларының түрлік құрамы

Авторлар

  • Мұқаева Нұргүл Баубекқызы
  • Қуанышбаева Меруерт Ғалымқызы
  • Мәдібекова Айнұр Сыдыққызы

##semicolon##

бунақденелілер, қаттықанаттылар, жапырақжегіш қоңыздар, биотоп, экожүйе, ауыл шаруашылығы, зиянкес, дернәсіл

Аңдатпа

Бұл мақалада Семей аймағының қатқылқанаттыларының маңызды тұқымдастарының бірі – жапырақжегіш
қоңыздар бойынша мәліметтер берілген. Зерттеу жұмыстары барысында жапырақжегіш қоңыздардың 10
туысына жататын 25 түрі анықталды. Кейбір түрлерге қысқаша экологиялық сипаттама берілген.
Қоңыздардың өте алуан түрлі және барлық жерде кездесуіне байланысты олардың табиғаттағы маңызы
анықталды. Табиғатта жануарлардың өлекселерін құрту сияқты санитарлық қызмет атқарып көп пайда
келтіреді. Ет қоректілерден бақшалар мен ормандарда әртүрлі бунақденелілерді аулайтын ызылдақ қоңыздар
мен хаңқыздар. Көптеген қоңыздар гүлді өсімдіктердің тозаңдандырушылары болып табылады. Сонымен қатар,
өсімдік мүшелерімен қоректеніп, оларға зиян келтіретін тұқымдастары бар. Қатқылқанатты бунақденелілердің
табиғатта да, адам өмірінде де маңызы жоғары. Олар көптеген топтары экожүйенің мониторингісін анықтауда
биологиялық индикатор ретінде пайдаланыла алады.
Қазіргі кезде Семей аймағының қатқылқанаттылары бойынша мәліметтер кездескенмен де, олар толық
емес. Осы фаунасының толық зерттелмеуі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау
мәселелерін шешуге де кедергі келтіреді. Сол себепті осы аймақтың қаттықанаттыларын толық түрде зерттеу
өзекті.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ