Табиғи полисахаридтер және олардың туындыларының өсімдік тұқымдарының өнгіштігіне әсері
##semicolon##
полисахаридтер, хитозан, пектин, натрий карбоксиметилцеллюлоза, метолоза, өсу энергиясы, өнгіштікАңдатпа
Зертханалық жағдайда табиғи полисахаридтер мен олардың туындыларының шалғам мен үрмебұршақ
тұқымдарының өсу энергиясы мен өнгіштігіне әсері зерттелді. Ол үшін тұқымдар Петри табақшаларында
полисахаридтердің 1% ерітінділерімен өңделіп, 200С температурадағы термостатта қараңғыда өсірілді.
Жүргізілген эксперименттер нәтижелері барлық зерттелген полисахаридтердің шалғам тұқымдарының өнуіне
оң әсер ететінін көрсетті. Үрмебұршақ тұқымдарының өнуі барлық жағдайларда шалғам тұқымдарына
қарағанда төмен болды, алайда полисахаридтермен өңделген үрмебұршақ тұқымдарының өсу энергиясы және
өнгіштігі бақылаумен салыстырғанда жоғары болатыны көрсетілген. Айрықша қасиетті метолоза полисахариді
көрсетті, метолозомен өңдеу үрмебұршақ тұқымдарының өнуін тежейтіні көрсетілген. Жалпы, табиғи
полисахаридтерді өсімдіктердің өсуін реттеуші ретінде тұқымның өну кезеңінде де, өсімдіктердің одан әрі өсу
фазаларында да пайдалануға болады деп санаймыз.