Бала құқықтарын қорғау жүйесіндегі заңдылық блюр

Авторлар

  • Қанатов Алмас Қанатұлы
  • Нұрлұмбаева Ләззәт Ерланқызы

##semicolon##

балалардың құқықтарын қорғау, бала, баланың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Аңдатпа

Балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігінің басымдығы - әрбір мемлекет үшін болашақта салауатты
ұрпақты құруға ықпал ететін іргелі бағыт. Қазақстанда бала құқықтарын қорғау бойынша тұрақты түрде түрлі
іс -шаралар өткізіледі. Халықаралық ұйымдар балаларға қолайлы әлеуметтік ортаны дамытуға және әр балаға
қоғамдық игіліктерге тең қол жеткізуге бағытталған түрлі бағдарламаларды жүзеге асырады. Қазақстанда осы
саладағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге ерекше назар аударылады.
Бұл мақалада авторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын
қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына ұсыныстар ұсынады,
сонымен қатар бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қазіргі таңда туындайтын мәселелердің
кейбір аспектілерін ашады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын талдау негізінде, жоғарыда
аталған Заң жобасына авторлар пандемия кезінде балаларды оқытудың ерекшеліктерін, ата-ана құқығынан
айыру, алимент төлеу мәселелерін ескере отырып, білім беру саласына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін
негіздеді.
Зерттеудің әдістемелік негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістемелер құрайды. Мақалада жүйелікқұрылымдық, формальды-логикалық және диалектикалық зерттеу әдістері қолданылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ