Коронавирустен кейінгі даму жағдайында жоғары оқу орындарында тәуекелдерді басқаруды іске асыру

Авторлар

  • Е. С. Баранецкая
  • С. В. Дембицкая

##semicolon##

тәуекелдерді басқару, білім сапасы, жоғары оқу орындары, кәсіби дайындықты жетілдіру, пандемиялық шектеулер, білім беруді дамыту.

Аңдатпа

Зерттеу мәселесінің өзектілігі қоғам дамуының осы кезеңінде білім сапасына және түлектерге
қойылатын талаптардың жоғарылауында, соның нәтижесінде оқыту технологиялары, ұйымдастырушылық және
экономикалық жағдайлардың түбегейлі жаңаруында. білім беру мекемелерінің қызметі өзгеруде, білім беру
қызметтері нарығындағы бәсекелестік күшейе түсуде.
Мақаланың мақсаты-қоғамның коронавирустан кейінгі дамуы жағдайында жоғары оқу орындарында
тәуекелдерді басқаруды енгізу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдау. Талдаған ғылыми жарияланымдар
негізінде жоғары оқу орындарында тәуекелдерді басқаруды енгізу мүмкіндігі дәлелденді. Бұл бағыттағы
отандық және шетелдік ғылыми қоғамдастықтағы теориялық әзірлемелерді талдады. Білім беру ұйымдары үшін
тәуекелдерді басқару моделін әзірлеу негіздері анықталды: пандемиялық шектеулердің нәтижесінде білім беру
үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігі, жаһандық бәсекелестіктің болуы және дамудың
шектеусіз кеңістігі, сонымен қатар үнемі білім беру қызметін тұтынушылар мен мүдделі тараптардың
сұранысының өсуі. Қолданыстағы әзірлемелерді талдағаннан кейін және жоғары оқу орындарының жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекелдерді басқару кезеңдері бөлінеді.
Біз жоғары оқу орындары үшін тәуекелдерді басқару моделін элементарлы түрде әзірлеуді және оны
енгізу бойынша ұсыныстарды әрі қарайғы зерттеулердің келешегі ретінде қарастырамыз

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-03-24

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ