ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##semicolon##
Екінші Дүниежүзілік соғыс, тарихнама, тыл, Кеңес Одағы, өндіріс, ауыл шаруашылығы, әйелдерАңдатпа
Мақалада кеңестік және заманауи қазақстандық тарих ғылымындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның тыл әйелдері мәселесінің зерттелу дәрежесі талданады. Ұсынылған тарихнамалық материалдың кең қабатты екенін аңғаруға болады: кеңестік тарихнама, заманауи қазақстандық тарихнама шеңбері қарастырылады. Авторлар жоғарыда аталған тарихнамалық кезеңдерді салыстыра отырып, кеңес кезеңінде гендерлік зерттеулер КСРО-да кең танымал болмағанын атап өтеді. Әйелдердің әскери және тылдағы күнделікті өмірінің тарихы туралы бүкіл ғылыми бағыт пайда болған қазіргі кезеңде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Алайда, авторлар әйелдердің соғысқа қатысу тарихын жалпы тарихнамада әлі де аз зерттелген аспект болып қалуда және осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізудің керектігін ұсынады. Зерттеушілер Екінші дүниежүзілік соғыстың әйел затына әлеуметтік-саяси, тіпті тұрмыстық тұрғыдан әсер еткенін жазып өтеді, қызығушылық тұрақты болғандығын алға тартады.