Әдеби аударманың мәдени аспектілері (С. Елубайдың «Ақ боз үй» романының аудармалары негізінде )

Авторлар

  • Аққалиева А.Ф., Джартыбаева А.Ш.

Аңдатпа

Заманауи интепретацияда  аударманың мәдени аспектілері жеке мәдени аударма теориясына айналды.  Көркем шығарманың мәдени құрамдас бөлігі аударма үрлісінде іргелі рөл атқарады, өйткені мәдени ерекшелікке назар аудару бастапқы мәдениет аудармадан айтарлықтай ерекшеленетін жағдайда мәтіннің мағынасындағы өзгерістерді толығырақ қарастыруға мүмкіндік береді.

Бұл мақаланың мақсаты – ұлттық әдебиеттің өкілі болып табылатын тарихи-философиялық жанрдағы әдеби шығарманың аудармаларының мәдениеттанулық құрамдасын талдау. Жұмыста қазақстандық белгілі жазушы С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының орыс тілі арқылы ағылшын тіліне аудармасы алғаш рет қарастырылады. Делдалдық аударманың лингвомәдениеттанулық аспектісі аударманың баламалығы және тарихи шығарманың мәдени-ұлттық ерекшеліктерінің сақталуы тұрғысынан қарастырылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ