КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##semicolon##
корпорация, корпоративтік басқару, құқықтық реттеу, акционерлік қоғам, корпоративтік құқық, корпоративтік басқару модельдері, корпоративтік құрылымАңдатпа
Мақалада корпоративтік басқару саласындағы кейбір мәселелер қарастырылуда. Корпоративтік басқару ұйымдағы билік қалай ұйымдастырылып және жүзеге асырылатынымен байланысты іс, оны корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды. Себебі, біріншіден, соңғы мәселе ауқымды болып табылады. Екіншіден, ашық акционерлік қоғаммен анықталатын корпорацияларда ғана емес, ұйымның кез келген құқықтық нысанына дағы билікке қатысты болады. Заманауи әдебиеттерде корпоративтік басқарудың кемшіліктері мен мәселелері қарастырылып жатыр, оны жетілдірудің қажеттілігі көрсетілуде, басқарудың міндеттері, директорлар кеңесінің қызметі мен жауапкершіліктері, акционерлердің құқықтары мен корпорация бақылау, туындаған өзгерістердің бағыттары жөніндегі корпоративтік басқарудың тәжірибесімен байланысты және теориялық тұрғыдағы маңызды мәселелер көтерілуде. Корпоративтік басқаруды құқықтық реттеуді жетілдіру кезінде шетелдердің оң тәжірибесін ескеру қажеттігі көрсетіледі және кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуының ерекшеліктері мен ұлттық құқықтық жүйенің ерекшелігін ұмытпау қажеттігі көрсетілген