КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН САЛЫСТЫРУ
##semicolon##
көші-қон, сыртқы көші-қон, ішкі көші-қон, көші-қон үдерісі, көші-қонның қайнар көздері, әлеуметтік жағдай.Аңдатпа
Көші-қон қазіргі әлемнің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Барлық елдердегі сияқты Қазақстанда да ішкі көші-қон үдерісі үнемі реттеуді қажет етеді. Қазақстанда көші-қонды әлеуметтік реттеуді жетілдіру мемлекеттік көші-қон саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Көші-қон үдерісін зерттеу біріңғай қағидаларға яғни, ішкі, сыртқы, заңды және заңсыз көші-кон ағындарын анықтайтын факторларға негізделіп жүргізіледі. Мақалада, көші-қон үдерісін құқықтық реттеудің ұлттық және халықаралық тәжірибесіне салыстыру жұмысы жасалды. АҚШ, Австралия, ГФР және Ресей елдерінің тәжірибесі зерттеліп, Қазақстанға көші-қон ағындарын басқарудың әдістері мен тетіктерін қолдануға, олардың қателіктері мен сәтті шешімдерін зерделеуге, институционалдық құралдар мен тетіктерді, құқықтық нормалар мен ұйымдастырушылық нысандарды енгізуге мүмкіндік беретіндігі туралы зерттелді.