Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі архивтік құжаттар негізіндегі семейлік «Болшевичка Украины» фабрикасы әйелдерінің күнделікті еңбек жағдайы.
##semicolon##
Екінші дүниежүзілік соғыс, Семей облысы, еңбек, өнеркәсіп, «Болшевичка Украины» фабрикасыАңдатпа
Бұл мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Семей облысы «Болшевичка Украины» ірі кәсіпорны және осы зауыт әйелдерінің күнделікті еңбек көрінісі туралы зерттеулер баяндалған. Дәл осы жылдары облыстың жеңіл өнеркәсіп орталығы ретіндегі мәртебесі түпкілікті бекітілген тігін фабрикасы маңызды стратегиялық нысан болып табылатын. Аталған фабрика облыстың басты ірі кәсіпорны болғандықтан, автор әйелдердің еңбек көрінісі тақырыбын зерттеудегі жетістіктерін, қажырлы еңбегін, жұмыс күндері мен кемшіліктерін көрсетеді.
Тек мұрағаттық деректер негізінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде зауыттың әйелдері сол кездегі қиындықтарға қарамастан жоғары сапалы қызмет көрсеткеніне көз жеткізуге болады. Сол кездегі мұрағаттық құжаттардағы әйел өмірінің күнделікті тұрмысы психологиялық және моральдық тұрғыдан қиын кезеңнің өтпелілігін көрсетеді. Әрбір қор бірегей құжаттарды қамтиды бұл тыл әйелдерінің ерекше ерлігі мен адалдығына толы тарихи факт.