ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
##semicolon##
: отбасы-тұрмыстық қатынас, кәмелетке толмағандар, қылмыстық құқық, қылмыстық жаза.Аңдатпа
Авторлар ғылыми мақалада отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарының себептерін, және осы қылмыстарға қарсы қылмыс ұғымын қайта бағалау қажеттілігін қарастырады. Сонымен қатар, елімізде көптеп тараған кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлерін қарастырған. Мақаланың қорытындысында авторлар кәмелетке томағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар мен отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарын зерттеудің түпкі мақсаты, осы қылмыстардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған теориялық ережелер мен практикалық ұсыныстарды әзірлеу болып табылатынын атап өтеді. Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымдарының кызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы жасөспірімдерінің бос уақытының шамадан тыс молдығы олардың арасында бақылаусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының күрт өсуіне негіз болып отырғаны туралы айтылған.