СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ ТҰРҒЫСЫНАН
##semicolon##
сыбайлас жемқорлық қылмыстары, дәстүрлі құқық, қылмыс, қылмыскерлерді жазалау, сыбайлас жемқорлықпен күресАңдатпа
Құқық ғылымында халықтың менталитетіне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне негізделген заңнаманың барынша тиімділікке ие екендігі даусыз. Бұл ең әуелі қылмыспен күрес және қылмыскерлерді жазалау жөніндегі заңдарға қатысты. Өйткені, қылмыстың тарихы өз өркениеті жолында тұлғаның жаман қасиеттерімен күресудің және күнәні ауыздықтаудың жаңа тәсілдерін іздеген адамзат тарихы сынды көнеде жатыр. Дәл осындай үздіксіз процесс барысында, әрбір халықтың өзіндік нанымы мен салттарына негізделген, құқықтық ортада «дәстүрлі құқық» деп аталатын өздеріне тиесілі құқықтық жүйе қалыптасқан.Бұл ретте, қандай да бір халық сырттан келетін саяси, әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, мәдени т.б. күйзелістерге төтеп берген болса, өзіндік ерекшелігі мен даралығын көрсететін әдет-ғұрып құқығы элементтерін соғұрлым сақтап, қазіргі таңдағы заманауи құқыққа айналдыра білген.