ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ РЕТІНДЕ
##semicolon##
құқық, құқықтық мәдениет, мемлекет, сыбайлас жемқорлық, қоғамАңдатпа
Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлық бүкіл мемлекеттерде күрделі және өзекті мәселе болуда. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру үшін құқықтық мәдениетті дамыту орынды. Қоғамның құқықтық мәдениеті қоғамдық құқықтық сананың жай-күйімен және ерекшелігімен, бұқаралық құқықтық ақпарат жүйесімен, заңнаманың даму деңгейімен, елдегі заңдылық пен заңдылықтың жай-күйімен сипатталады. Сондықтанда, мақаламызда құқықтық мәдениет, ең алдымен, халықтың құқықтық санасының даму деңгейіне байланысты болғандықтан, құқықтық мәдениет түсінігіне жан-жақты талдау жұмысы жүргізіле отырып, құқықтық сананы қалыптастыру жолдары көрсетілген. Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға өз әсерін тигізуі сөзсіз.