Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіпкерліктің дамуын құқықтық қамтамасыз ету: заңнамалық шолу
##semicolon##
медицина; науқас; денсаулық сақтау; медициналық қызмет; ақылы медициналық қызмет; медициналық сақтандыру; дәрігер; медициналық ұйым; кәсіпкерлік; бәсекелестік.Аңдатпа
Мақала авторларымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде кәсіпкерлік қызметті дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету тетіктері зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға шолу жасалынған.
Бұл зерттеудің мақсаты – отандық денсаулық сақтау жүйесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерінің құқықтық қамтамасыз етілуі мен тиімділігінің «жеткіліктілік» деңгейін анықтау. Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін халықаралық тәжірибе қарастырылып, медициналық қызметтер нарығында жеке және мемлекеттік секторлардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бөлігіндегі мемлекеттік саясат талданған.
Авторлар заңнамаға жасалынған анализ негізінде Қазақстанда жеке сектор қарастырылып отырған салада мемлекеттік тапсырысты орындауда тең қолжетімді мүмкіндік ала отырып, заңнамалық та, стратегиялық та жеткілікті қолдау алуда деген қорытынды жасайды. Сонымен қатар жеке медициналық ұйымдар медициналық қызметтер нарығының толыққанды қатысушысы болып табылады және одан әрі өсу үшін жеткілікті әлеуетке ие деген түйінге келген.
Алайда, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру арқылы шешімі табылуы тиіс және оларды шешу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіпкерлік қызметтің дамуына жаңа серпін беруі мүмкін мәселелер де бар екендігі аталынады.