VISION ZERO СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ

Авторлар

  • Недобитков А.И., Охотенко А.И., Сапрыкин Д.Н.

##semicolon##

жол қозғалысы қауіпсіздігі; фотобейнетіркеу; ұшқышсыз ұшатын аппарат

Аңдатпа

2020 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2021-2030 жылдарды Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдардың екінші онжылдығы етіп жариялады, оның мақсаты көрсетілген мерзім ішінде жол-көлік оқиғалары нәтижесінде орын алатын өлім-жітім мен жарақаттанушылықты кемінде 50 пайызға азайту болып табылады. Нақты жол қиылыстарын мысалға келтіре отырып, жол қозғалысын ұйымдастыруға талдау жасау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараты мен Agisoft Metashape бағдарламалық жасақтамасын қолдану нәтижелері ұсынылды. Жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдарды тиісінше қолданбау салдарынан фото-бейнетіркеу жүйелерінің дұрыс жұмыс істемейтіндігіне мысалдар келтірілді. Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережелерін бұзушылық үшін салынған айыппұлдар мөлшері мен жол қозғалысы қауіпсіздігінің жалпы деңгейіне олардың қалай әсер еткендігіне талдау жасалды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың жеке бастарының криминологиялық құрылымы келтірілді. Әкімшілік айыппұлдар саны жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейінің жоғарылауына және жолдардағы өлім-жітімнің төмендеуіне әкелмейтіні туралы нақты деректер алынды. Vision zero стратегиясының әлемнің әртүрлі елдерінде қолданылуы талданды. Шектеусіз адамдар тобының құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын прокурорлық қадағалау мақсатында, жол қозғалысын тиісінше ұйымдастырмау фактілерін жүйелеу жөніндегі үйлестіруші орталық құру ұсынылды. Зерттеу нәтижелері көше-жол желісі нысандарында жол жүрісінің ұйымдастырылуын жетілдіру, фото-бейнетіркеу жүйелерінің жұмысындағы кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды әзірлеу барысында, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың заңды құқықтарын қорғау барысында пайдаланылуы мүмкін

##submission.downloads##

Жарияланды

2024-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ