Әкімшілік ұстауды қолданудың өзекті мәселелері
##semicolon##
әкімшілік ұстау, бостандық, заңдылық, қоғамдық тәртіп, шектеулер, кепілдіктер, мерзімАңдатпа
Әкімшілік ұстау мәселесі - уәкілетті мемлекеттік органдардың аса маңызды және өзекті міндеті, себебі бұл шара заңдылықты қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті қорғауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары жүйесінде әкімшілік ұстау ең үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар институттарының бірі. Ол әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасалып қойған құқық бұзушылық бойынша немесе бұлтартпау шара ретінде қолданылады.
Әкімшілік ұстаудың теориялық талдауы әсіресе кәмелет жасқа толмаған азаматтар мен шетел азаматтарының бостандығын шектеу мәселелерінде қатысты сұрақтарды қарастыруға негіз береді. Сонымен қатар, ұсталған азаматтардың құқықтарын сақтау кепілдіктеріне ерекше назар аудару қажет деп есептейміз. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз жасайтын органдар ұсталған адамның құқықтарын сақтау кепілдіктерін ескеру қажет, сол себептен белгілі кепілдіктер жүйесін күшейту керек деп санаймыз.
Осылайша, зерттеуде әкімшілік ұстау институты әрі жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды