Жоғары сынып оқушыларын интерактивті технологиялар арқылы шет тілінде сөйлеуге үйрету
##semicolon##
сөйлеу, коммуникация, интерактивті тәсіл, интерактивті әдіс, интерактивті технологияларАңдатпа
Интерактивті әдістерді қолдана отырып, шет тілдерін оқыту – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ проблемалық мәселелерді өз бетінше шешуге ынталандыруға бағытталған. Ағылшын тілі сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сөйлеу – тілдің ең күрделі түрлерінің бірі екенін ескере отырып, ағылшын тілін оқыту процесінде лингвистикалық және экстралингвистикалық сипаттағы белгілі бір қиындықтар туындайды. Ағылшын тілін оқытуға интерактивті тәсілдің әдістемелік принциптеріне сүйену қажет. Жоғары сынып оқушыларын шет тілінде сөйлеуге үйрету барысында оқушылардың ынтымақтастығына, топтық жұмыс кезінде қатынас және интеракция дағдыларын дамытуға бағытталған миға шабуыл технологиясы, рөлдік ойын, «Listen and discuss» әдісі кең мүмкіндіктер ұсынады.