ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
##semicolon##
стратегия, әлеуметтік кәсіпкерлік, заңнама, құқықтық реттеу, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік кәсіпкерлерАңдатпа
Әлеуметтік кәсіпкерлік тиісті құқықтық реттеуді және нақты мемлекеттік қолдауды талап ететін кәсіпкерлік қызметтің маңызды салаларының бірі. Еліміздің он жыл бұрын әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық реформаларға көшуі сөзсіз мемлекеттің тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының негізгі факторы болып табылады. Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформалар – бұл азаматтардың өмірін жақсартудың көрсеткіші. Әлемдік тәжірибе бізге әлеуметтік кәсіпкерліктің дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Экономикасы дамыған мемлекеттердің үкіметтері өз азаматтарының әлеуметтік қажеттіліктерін, барлық ықтимал тәуекелдерді бағалап, тиісті заңнаманы және кәсіпкерлерді әлеуметтік қолдаудың жұмыс істейтін тетіктерін қалыптастыра отырып, батыл бастамаларды бастарынан өткерді. Мұндай шет елдердің тәжірибесі, әрине, мемлекетіміздің стратегиялық шешімдеріне оң әсерін тигізді және Қазақстанда әлеуметтік кәсіпорындар белсенді түрде құрыла бастады. Алайда, осы сұрақтар теориялық зерттеу мен құқықтық талдауды қажет етеді, себебі еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік саласында әлі шешілмеген мәселелер мен міндеттер әлі де бар.