САУДА ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
##semicolon##
сауда; тәжірибе; баға белгілеу тәртібі; сауда қызметі; өндіруші; баға белгілеу; қоғамдық маңызы бар азық-түлік тауарлары; демпинг; уәкілетті орган.Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар Қазақстандағы сауда қызметін реттеу мәселелеріне тоқталып, ұсынылып отырған заңнамалық жаңалықтарға қатысты өз ұстанымдарын ұсынады.
Мақалада баға белгілеу тәртібін және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерін сақтау мониторингі мен бақылаудың ағымдағы жағдайы сипатталған. Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар азық-түлік тауарлары (ҚМАТ) құнының өсуін тежеу құралдарының бірі – шекті бағаларды енгізудің рөлі және оның салдары талданған.
Авторлар отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған сауданы реттеудің, атап айтқанда, шетелдік және отандық кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың тең болмауы, отандық өндірістің пайдасына тимейтін жағдайлар туралы проблема шешудің кейбір жолдарын ұсынды. Еуропа елдерінің халықаралық тәжірибесіне (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабының 3-тармағына толықтырулар енгізу бөлігінде) шолу жасалды.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау, бәсекелестікті және еркін сауданы дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Парламентаризм институтының сарапшылары сауда мәселелері жөніндегі заң жобасына негіздемелері бар ұсыныстар мен ескертулерді депутаттарға жолдады, олар да осы мақалада орын тапты.