ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ДАМУЫ
##semicolon##
шағын бизнес, тиімділік, қаржылық тұрақтылық, өндірістегі ұйымдастырушылық, инновация, конкурстық талдау.Аңдатпа
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шағын және орта бизнес экономикада өте маңызды рөл атқарады, өйткені оның дамуы экономикалық өсуге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, нарықты қажетті сапалы тауарлармен қанықтыруға, жаңа қосымша жұмыс орындарын құруға әсер етеді, яғни көптеген өзекті экономикалық, әлеуметтік және басқа мәселелерді шешеді. Қазіргі әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі кез келген ұлттық экономикада жоғары дамыған және тиімді шағын кәсіпкерлік сектордың болу қажеттілігін дәлелдейді. Шағын бизнесті дамыту еліміздің экономикасын бәсекеге қабілетті әрі тұрақты даму жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болғандықтан бұл мақаланың тақырыбы Қазақстан Республикасының бүгінгі күніне өзекті деп санаймын.
Бұл мақаланың мақсаты - Қазақстандағы шағын бизнестің ерекшеліктерін зерттеу. Нақтырақ айтқанда еліміздегі шағын кәсіпкерліктің дамуын қалыптастыратын факторларға шолу жасалып, мемлекеттік қолдаудың маңыздылығы, цифрландырудың әсері, тұрақтылық пен дағдыларды дамыту қажеттілігі көрсетіледі.