HACCP ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ - ҚАУІПСІЗ ТАҒАМ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗІ
##semicolon##
қауіпті талдау, бақылау нүктелері, халықаралық стандарт, менеджмент, сапа жүйесі, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, кеден одағы, техникалық регламентАңдатпа
HACCP (Hazard Analysis Critical Control Point) (қауіпті талдау және сыни бақылау нүктелері) өнім қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін қауіпті факторларды басқару және жүйелі бірдейлендіру, бағалауды көздейтін концепция. HACCP жүйесі-осы жүйені қолдануға мүмкіндік беретін өндірістік процестер мен қорлардан, құжаттардан тұратын өндірістің ұйымдастырушылық құрылымы болып табылады. HACCP жүйесі тағам өнімдерін нарықта өткізу үшін және өндірістік процестерді биологиялық, химиялық, физикалық және тағы да басқа ластану тәуекелінен өндірісті немесе сауда маркасын қорғау үшін қолданады. Сондай-ақ осы жүйені өндіріске енгізу жолдарын, құжаттамалық қамтамасыз ету қағидаттарын қамтиды. Өндірістегі HACCP жүйесі бұл өндіруші тұрақты түрде қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз етуге кепілдік беретінінің сенімді куәлігі. ХАССП бағдарламасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы адал сауданы қамтамасыз ету үшін халықаралық азық-түлік стандарттарын, ережелері мен нұсқаулықтарын біріктіру үшін құрылған Codex Alimentarius комиссиясының (CAC) талаптарына сәйкес келеді. Оны сонымен қатар ISO 22000 тамақ қауіпсіздігі менеджменті сияқты басқару стандарттарының талаптарын қолдау үшін пайдалануға болады.