ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ: ЕҢБЕКШІ МИГРАНТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТИІМДІЛІГІ
##semicolon##
көші-қон саясаты, мигранттардың құқықтары, еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғау, көші-қон заңнамасы.Аңдатпа
Аннотация. Бұл мақалада 2023-2027 жылдарға бекітілген Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы қарастырылады, оның ішінде негізгі 7 бағыты беріледі, мигранттардың құқықтарына тиісті 2 бағытына тоқталады. Заңнамадағы мигранттардың құқықтарын қорғау саласындағы нәтижелілігі «Халықтың көші-қоны» туралы Қазақстан Республикасы Заңында жазылған мигранттардың құқықтарын тәжірибе жүзінде қолданылуы көрсетіледі. Қазақстан Республикасы өзінің Конституциясына, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелеріне және ұлттық заңнамасына сүйене отырып, көші-қон процестері саласында мигранттардың құқықтарын сақтау кепілдігін қамтамасыз етеді. Автор бұл мақалада тек иммигранттардың құқықтары жайында ғана емес, өз елімізден өзге елге көшкен эмигранттар туралы да сөз қозғайды.