КӨШІ-КӨШІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (РЕСЕЙ, БЕЛОРУСИЯ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗСТАН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТӘЖІРИБЕСІ)
##semicolon##
еңбек көші-қоны, мигранттардың құқықтары, құқықтық реттеу, мигранттардың әлеуметтік және еңбек құқықтары, көші-қон процестері.Аңдатпа
Аннотация. Сыртқы еңбек көші-қоны жағдайында келесі құқықтар маңызды орын алады: еңбекке, еңбекке ақы төлеу, демалысқа, еңбекті қорғауға және тиісті еңбек жағдайларына және т.б. Мигранттардың еңбек заңнамасы мен әлеуметтік және еңбек құқықтарын бұзу өзекті мәселе болып отыр.
Көші-қон саясатының мақсаты пайданы көбейту мен тәуекелдерді азайту арасындағы тепе-теңдікті табу, еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғауға, сырқаттануы мен мүгедектігі бойынша жәрдемақыларға және т.б. құқықтарын заңнамалық тұрғыдан бекіту болуы тиіс.
Еңбек нарығының ағымдағы мүдделерін ғана емес, ұзақ мерзімді даму бағытында да көші-қон контекстін де ескеру қажет.
ТМД елдеріндегі (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан) мигранттардың құқықтары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді талдау еңбекші-мигранттарға олардың жұмыспен қамтылған мемлекеттің аумағында болу (еңбек қызметін жүзеге асыру, медициналық көмекке жүгіну, білім беру қызметтері, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері және т.б.) қатысты негізгі аспектілерін анықтады. Сол себепті ғылыми мақалада көші-қон саласындағы құқықтық реттеудің кейбір мәселелері талданып ашылған.