МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ
##semicolon##
басқару, мемлекет, мемлекеттің функциялары, функция белгілеріАңдатпа
Мемлекеттің функциялары – бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары болып табылады. Мемлекеттің әр түрлі көптеген функцияларды орындауына қарай оларды ғылыми тұрғыдан жіктеу қажет, мазмұны бойынша мемлекеттің негізгі функцияларының орындалуы көптеген қосымша мемлекеттік функциялар мен жеке мемлекеттік органдар функцияларының жүзеге асырылуының үздіксіз үрдісін білдіреді.
Мемлекеттің функциялары мен міндеттері өзара тығыз байланысқан, мемлекеттің тарихи дамуы барысында оның функциялары да өзгереді, бірақ барлық жағдайда олардың пайда болуы нақты тарихи кезеңдегі қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымымен, мемлекеттің мәнімен және әлеуметтік тағайындалуымен байланысты. Мемлекеттің функцияларын қарастырғанда оның белгілі бір қоғамдық – экономикалық жүйеге жататындығы ескерілуі керек, бұл мәселелерді жүзеге асырылып жатқан түбегейлі жұмыстармен байланыстыру қажет.