АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН ДАМЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ

Авторлар

  • И.К.Амерханова, А.Е.Кожахметова

##semicolon##

агроөнеркәсіп кешені, мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық талдау, ауылдық аумақтар, солтүстік аймақ.

Аңдатпа

Мақалада мемлекеттік бағдарлама іске асырылуының тиімділігіне талдау жасалып, олардың солтүстік ауылдық елді мекендердің, оның ішінде шекаралас аймақтардың тұрақты демографиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы бағаланады, сондай-ақ ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы арасындағы байланыс зерттеледі. Сондай-ақ мақалада ауыл тұрғындарының өміріне қанағаттануына әсер ететін объективті және субъективті факторлар, әлеуметтік капиталдың даму деңгейі, ауылдық жерлерде адами капиталды қалыптастыру, дамыту және іске асырудың экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени мүмкіндіктері және агроөнеркәсіптік кешендегі жұмыспен қамту мәселелері қарастырылған. Алайда, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі, олардың аумақтардың теңгерімді дамуына және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға әлеуметтік-экономикалық әсері жеткілікті зерттелмеген, іске асырылып жатқан шаралардың мақсатты аудиторияның қажеттіліктері мен үміттеріне сәйкестігіне талдау жүргізілмеген.

##submission.downloads##

Жарияланды

2025-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ