ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
##semicolon##
Дағдарыс. Мемлекеттік бағдарлама. Басқару. Жаһандық экономика. Шағын бизнесАңдатпа
Қазіргі уақытта табысты экономика негізін оның барлық секторларының толыққанды дамуы құрайды, олардың басым көпшілігі нақты секторға тиесілі. Сонымен қатар, экономиканың нақты секторының тарихи даму үрдістері оның қызметін циклдік сипатқа ие етіп, әсіресе шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметінде көрініс табады. Дағдарыс кезеңдері өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақтылық тепе-теңдігін уақытша бұзады. Бұл құбылыстардың ауқымы олардың жойылуына қатысты басқарушылық шешімдердің орындалмауына әкеп соғуы мүмкін, себебі дағдарыстың тиімді басқарыла алатын кезеңі көбіне оның алғашқы сатыларымен шектеледі. Қазіргі жағдайда өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында дағдарысқа қарсы басқарудың тиімді жүйесі стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешудің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Кәсіпорынның дағдарыстан кейінгі қалпына келу үдерісін жеделдету үшін өңдеу өнеркәсібіндегі дағдарысты басқарудың ең тиімді әдістерін әзірлеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда, дағдарысқа қарсы басқару механизмдерін қалыптастырудың негізгі принциптері мен тәсілдерін анықтау аса маңызды болып табылады.