Балалар мен жеткіншектердің психикалық жағдайларындағы патологиялық өзгерістерді түзету-дамыту
##semicolon##
психикалық жағдайлар, патологиялық өзгерістер, аномальды мінез-құлық, түзетудамыту, психотерапиялық әсерлер, психотерапия әдістері, бұзылуларды жүйелеу.Аңдатпа
Мақала балалар мен жеткіншектердің психикалық жағдайларындағы ауытқушылықтарды қалыпқа
келтіру мәселесіне арналған. Аталған мәселе шетел және отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелгені
қамтылған. Психопатия психикалық ауру ретінде емес, көп жағдайда мінез – құлықтың аномалиясы ретінде
қарастырылған.
Мақалада балалар мен жеткіншектердің психикалық жағдайларындағы ауытқушылықтарды
дифференциалды түрде зерттеу мен патологиялық өзгерістердің шығуына ықпал етуші факторлар мен
ерекшеліктері қарастырылады. Мінез-құлықтарындағы әртүрлі сипаттағы бұзылуларды жүйелеудің ғылыми
негіздері мен топтамалары ұсынылған. Мінез-құлықтық ауытқушылықтардың потенциалдық мүмкіндіктерін
тиімді ескере отырып, бойларындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялау және түзету жұмыстарын
жүргізудің маңыздылығы қарастырылады. Балалар мен жеткіншектердің психикалық жағдайларындағы
патологиялық өзгерістерді болдырмауда және алдын-алуда тренинг пен психотерапияның қазіргі
(релаксациялық техникалар, арттерапия, психогимнастика, музыкотерапия) әдістерін қолдану арқылы
тиімділігі дәлелденді