«Педагогты инклюзивті білім беру ортасына кәсіби бейімдеу» атты элективті курстың тиімділігі

Авторлар

  • Оспанова Бибигуль Канатовна
  • Шалгынбаева Кадиша Кадыровна

##semicolon##

білім беру, тәрбие, даму, бейімділік, кәсіби бейімдеу, инклюзивті білім беру, инклюзивті білім беру ортасы

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасында енгізілген инклюзивті білім беру жүйесінде мамандар даярлау,
оның ішінде болашақ педагогтарды инклюзивті білім беру ортасына жоғары оқу орындарында кәсіби
бейімдеуге даярлау мәселесі талқыланады. Инклюзивті білім беру мәселесі қазіргі білім беру саласында өзекті
мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру ортасына педагогтарды даярлау мәселесі тек қана
Қазақстанда ғана емес, бүкіл халықаралық тәжірибеде өзекті болып отырған мәселелердің бірі. Осы ретте
оқу үрдісінің сапасы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігімен анақталатыны сөзсіз. Жоғары мектепте
инклюзивті білім беруді іске асыруға жасалған арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы
қолданыстағы жағдайды талдау маңызды мәнге ие. Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғарғы
білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Болашақ педагогтарды инклюзивті
білім беру жүйесіне даярлаудың жоғары оқу орнынан бастау қажеттілігі жайлы қарастырылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-25

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ