ШҚО Тарбағатай ауданының топонимикалық кеңістігі қазақ халқының материалдық – рухани мәдениетінің бейнесі ретінде
##semicolon##
әлем суреті, топонимика, ономастика, гидронимдер, оронимдер, ойконимдерАңдатпа
Бұл мақала 2018-2019 жылдарға арналған ғылыми негізі «Мәңгілік ел» басым бағыт бойынша ( ХХІ
ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) ғылыми
және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурсқа ұсынылған «Шығыс Қазақстан
ономастикалық кеңістігі – ұлттық код пен рух жаңғыруының көрінісі» (Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандары
топонимикалық атаулары негізінде) жобасын іске асыру шеңберінде жазылған.
Жұмыста Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының топонимикасының ерекшеліктері
қарастырылды. Аталған ауданның ойконимдері, гидронимдері, оронимдерінің лингвостилистикалық талдауы
қазақ халқының материалдық-рухани мәдениетін бейнелейтін өңір тарихының байлығы мен өзіндік
ерекшеліктері туралы айтуға мүмкіндік береді.
Мақала авторларының ойынша, топонимикалық материалдың семантикалық модельдерін талдау
өткен және қазіргі Тарбағатай ауданының әлемнің кеңістіктік және тілдік бейнесін қайта құруға мүмкіндік
береді.