Көркем шығармадағы эпистолярлық жанр көрінісі

Авторлар

  • Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы

##semicolon##

эпистолярлық жанр, грамматика, лексика, кірме сөздер, метафора, бейне, герой, эпос, фонетика, синтаксистік құрылым, хат мәтіні, айшықтау құралдары, көркем шығармалар

Аңдатпа

Бұл мақалада көркем шығармаларда кездесетін эпистолярлық жанр сөз болады.
Қазақтың көркем шығармаларынан эпистолярлық жанрдың үлгісін кездестіруге болады. Қазақ
әдебиетінде де эпистолярлық жанрға жататын көркем туындылар кездеседі. Көркем әдебиеттегі
эпистолярлық жанр элементтері кейде сол қалпында беріліп, яғни грамматикалық, лексикалық
ерекшеліктерімен қолданылған.
Көркем шығарманың хат түрінде жазылуының өзі хат мәтінінің осындай артықшылықтарына
байланысты. Жазушы кейіпкерінің кез келген жерде аша бермейтін ішкі сырын хат арқылы ашқызады.
Хат түріндегі шығарма жазушыға қаһармандарын барынша ашық, тебірене сөйлеуге, ішкі дүниесін
бүкпесіз ақтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, эпистолярлық стильді көркем шығармада қолдану – жазушы
үшін кейіпкердің ішкі сезім сарайын ашуда, оның барлық ішкі толқынысын, тебіренісін ақтарып салып, сол
арқылы оқырман көңілінен орын табуда таптырмас тәсіл болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-25

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ