Мектеп жасына дейінгі балаға ұлттық ойын арқылы адамгершілік сезімін қалыптастыру

Авторлар

  • Ақманова Ғалия Рахметоллақызы
  • Кикина Марина Ивановна
  • Карипбаева Шынар Тоқтарқызы

##semicolon##

қарым-қатынас, адамгершілік, ойын, мейірімділік, шығармашылық, эмоция, дидактикалық, сюжетті- рөлді

Аңдатпа

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін
білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Атабабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп,
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру
тәрбиеге байланысты. Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері
адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін,
асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Мақалада мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі
іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылатындығы. олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген
қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болатындығы
қарастырылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ